Оңдасын Оразалин жас өнертапқыштармен кездесті

Оңдасын Оразалин жас өнертапқыштармен кездесті, Сагимбаева Баян

 Ақтөбе облысының  әкімі физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында  ұйымдастырылған  «STEM-City» бизнес-тренингіне қатысты, деп хабарлайды City04.kz.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры  Сәуле Өмірбекова  және бизнес- тренингте  қатысқан  оқушылар  облыс әкіміне жобаларды таныстырды. Биылғы оқу жылында алғаш рет ұйымдастырылған  шараға  аталған білім ошағынан  7-12 сынып аралығындағы  30-ға жуық  оқушы қатысты.  Жобалардың басым бөлігі    физика, биология, анатомия, геология , информатика т.б салаларына бағытталған.

Оңдасын Оразалин жас өнертапқыштармен кездесті, фото-1


Тренингтің  мақсаты  жасөспірімдерді    кәсіпкерлік саласына баулу, яғни  жобаларды ойластырып  қана қоймай, сол арқылы  қаржы көзін табуды жүзеге асыру.  Мәселен, 11-12 сынып оқушылары Едрес Есет, Кеңес Аружан ойлап тапқан «Play ground»  балаларды  латын әліпбиіне оқытуға арналған алаңқай  мобильді қосымшасын «Play  market» арқылы жүктеуге болады.

Өзге де  оқушылар осы сынды  идеяларын мобильді қосымшаға енгізу үшін жұмыстарын  жалғастыруда.   Зияткерлер ордасы STEM оқытуды осымен төртінші жыл  білім беру жүйесінде қолданып келеді.
Балалардың   жұмысымен жақынырақ  танысып, еңбектерін жоғары бағалаған  Оңдасын Оразалин  оларға сәттілік тіледі.

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии