• Главная
  • Ганконгтағы қазақстандық студенттер елге жаппай оралып жатыр
16:53, 18 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ганконгтағы қазақстандық студенттер елге жаппай оралып жатыр

Ганконгтағы қазақстандық студенттер елге жаппай оралып жатыр

Гонконгтегі наразылықтың ушығуына және университеттер аумағында, сондай-ақ оларға іргелес аудандарда аухалдың шиеленісуіне байланысты Гонконгтің бірқатар жоғары оқу орындары 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтықтан оқыту бойынша онлайн-базаға көшу туралы шешім қабылдады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ганконгтағы жағдайдың ушығуына байланысты ондағы қазақстандық студенттердің елге оралуына кеңес берді, деп хабарлайды City04.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Гонконгтегі наразылықтың ушығуына және университеттер аумағында, сондай-ақ оларға іргелес аудандарда аухалдың шиеленісуіне байланысты Гонконгтің бірқатар жоғары оқу орындары (соның ішінде қазақстандық студенттері оқып жатқан ЖОО-лар) екінші семестрге, яғни 2020 жылдың қаңтарына дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтықтан оқыту бойынша онлайн-базаға көшу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Гонконгте оқып жатқан барлық студенттерге Қазақстанға оралуды ұсынады. Сонымен қатар, ҚР азаматтарын қауіпсіздік жағдайы тұрақтанғанша, Гонконгке аса қажет болмаған жағдайда бармауға шақырады", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомтсвода өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР СІМ ресми өкілі Гонконгте болуға мәжбүр азаматтарға барлық сақтық шараларын қабылдауды сұрады.

"БАҚ-та және Гонконгтегі Қазақстанның Бас консулдығының ресми сайтында ақпаратты бақылап отыруға болады. Біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елге уақтылы қайтып келу мақсатында "Эйр-Астана" әуе компаниясымен айыппұл төлеу және баға айырмашылығын төлеместен бұрын сатып алынған билеттерге ұшу күнін өзгерту мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізілді. Студенттердің көпшілігінің желтоқсан айының соңына демалысқа сәйкес билеттері бар", - деді ол.

Айбек Смадрияров сонымен қатар, Гонконгтегі Қазақстанның Бас консулдығы қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп, студенттерді жинау мен әуежайға дейін тасымалдау шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Бүгінгі таңда Қазақстанға 118 студент қайтып келді. Алдағы күндері 40-қа жуық студентті қайтару жоспарланып отыр", - деді Айбек Смадияров.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...