• Главная
  • Ақтөбе облысы «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумында өзінің экспорттық әлеуетін көрсетті
09:04, 22 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысы «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумында өзінің экспорттық әлеуетін көрсетті

Ақтөбе облысы «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумында өзінің экспорттық әлеуетін көрсетті

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 21 қарашада Орынбор қаласында басталған «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумына қатысуда, деп хабарлайды City04.kz.

Форум халықаралық серіктестік мәселесінде тәжірибе алмасып, шешімін іздеуде және күш біріктіруде ірі пікірталас алаңдарының бірі болып табылады және оған жыл сайын Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Белоруссия, Тәжікстан, Өзбекстан мен басқа да елдерден келген делегациялар жиналады. Олардың құрамында шет мемлекеттердің ресми тұлғалары, билік органдарының, қоғамдық институттар мен бизнес өкілдері, сарапшылар, экономика саласының, стратегиялық даму және инновация мамандары бар.

Ауқымды шара шекаралас өңірлердің әлеуметтік саясат пен экономиканың түрлі салаларында, жетістіктерін таныстыруда әрі қарайғы өзара байланыстарын нығайту мақсатында өткізіліп отыр.

Ақтөбе облысы «Орынбор – Евразия жүрегі» халықаралық форумында өзінің экспорттық әлеуетін көрсетті, фото-1

Форум аясында Оңдасын Оразалин Орынбордағы «Менің бизнесім» бірінші өңірлік орталығының ашылу салтанатына қатысты. Ол жерде «бір терезе» тәртібімен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 160-тан аса қызмет көрсетілетін болады. Жоба мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. Кейін облыс әкімі форумға қатысқан елдердің алпыстан аса экспозициялары қойылған «Ұлттық жобалар. Инвестициялық және экспорттық әлеует» атты халықаралық көрмені қарап шықты.

Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары көрмеде өздерінің экспорт саласындағы жетістіктерін көрсетті. «ТД Фотон» ЖШС, «Баумастер Интернешнл», «Грант Адал», «Вибромастер», «Эко Ферма 2015», «Миал-КЗ», «Айбек» ӘКК мен тағы басқалар өз өнімдерін қойды. Газбетон блоктарын, лак-бояу өнімдерін, консерві және полиуретанды бұйымдарын өндіретіндер үшін бұл өз өнімдерін пайдаланатын ресейлік тұтынушылармен байланысты жолға қоюда, жаңа өткізу нарығын табуда, сонымен қатар, форум қатысушыларымен шекара серіктестігі, экспортқа жұмыс жасайтын кәсіпорындарды қолдау сұрақтарын талқылауда бірегей мүмкіндік.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...