• Главная
  • Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды
14:14, 22 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Ақтөбеде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында «№2 облыстық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінде» облыстық спартакиаданың ашылуы салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілерді спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Спартакиадаға волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, жүзу және тоғыз құмалақ секілді спорт түрлерінен 500-тен астам мемлекеттік қызметшілерден құрылған 15 команда қатысады. Облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Владимир Кореньков жарысқа қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлін, әсіресе оның бұқаралық спортты қолдауын атап өтті.

- Елбасы 2020 жылға қарай халықтың 30% - дан астамын спортпен айналысуға тарту міндетін қойды. Бұл бастаманы бірінші болып мемлекеттік қызметшілер қолдауы тиіс. Сіздердің көбінде отырыс жұмыс болғандықтан, денсаулықтарыңызға теріс әсер ету мүмкін, сондықтан сіздер спортпен белсенді түрде айналысуыңыз және де өз үлгіңізбен салауатты өмір салтын насихаттауларыңыз қажет. Ол үшін біздің облыста қажетті барлық жағдайлар жасалған,- деді В. Кореньков.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департаменттің ақпараты бойынша бүгінгі күнде облыстың мемлекеттік қызметшілерінің 50% - дан астамы спортпен белсенді түрде айналысуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...