• Главная
  • Таразда мектепте қорланған оқушы ауруханаға жатқызылып, желіде сыбыс тарады
10:33, 23 ноября 2019 г.
Надежный источник

Таразда мектепте қорланған оқушы ауруханаға жатқызылып, желіде сыбыс тарады

Таразда мектепте қорланған оқушы ауруханаға жатқызылып, желіде сыбыс тарады

Азғыннан азап шеккен 7-сынып оқушысы бұған дейін үй жағдайында емделген еді. Жеткіншек бүгін ауруханаға жатқызылды.

Тараздағы мектеп әжетханасында қасқөйден қорлық көрген оқушы ауруханаға жатқызылды. Ел арасында күдіктіден инфекциялық ауру жұқты деген сыбыс тарады. Мұны облыстық денсаулық басқармасы жоққа шығарды, деп хабарлайды City04.kz сілтеме жасап.

Азғыннан азап шеккен 7-сынып оқушысы бұған дейін үй жағдайында емделген еді. Жеткіншек бүгін ауруханаға жатқызылды. Ал, әлеуметтік желілерде оған азғындық жасаған азаматтан тері ауруы жұқты деген ақпаратты денсаулық басқармасы жоққа шығарды.

Жібек ИСАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жамбыл облыстық балалар ауруханасында 10 күндей жатады. Жағдайы қазір жақсы және бірқалыпты. Ал, оған азғындық жасаған адамнан ауру жұқты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетсек, осы оқиғадан кейін басы дауға қалған мектеп директорынан бастап 5 мұғалім қызметімен қош айтысты. №6 мектептің директоры өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазыпты.

Оқи отырыңыз:"Камерада көрініп тұр...". Таразда оқушыны мектеп дәретханасында зорлап кетті

Қаршадай қызға қорлық көрсеткен қаскөй енді 30 жылға жуық өмірін темір торда өткізуі мүмкін. Аймақтың бас полицейі солай деді. Ал, бүгіннен бастап білім ошақтарында қауіпсіздік қатаң режимге көшірілді. Ал азғындық жасады деп айыпталған азамат 36 жаста болып шықты. Ол бұрын да зорлық және ұрлық әрекеттері үшін сотты болған.

Zakon.kz 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...