• Главная
  • Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды
08:45, 23 ноября 2019 г.
Надежный источник

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды

Аймақ басшысы алдымен Бадамша ауылындағы 70 орынға шақталған интернаты бар 300  орындық  мектептің, және дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды City04.kz.

2018 жылдан салына бастаған мектеп-интернаттың  құрылысы алдағы жылы аяқталады.
Ал, құны 265 млн тг болатын спорттық кешеннің құрылысы қызу жүріп жатыр.
Облыс әкімі мердігер компанияның  басшыларына құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, биыл Бадамша ауылы сыртынан Италияндық "ENI"  компаниясының қаржыландыруымен жел электр станциясының құрылысы басталған.
Мұнда  қуаттылығы 48MBт болатын 13 турбогенератор салынады. Жұмыстың бірінші кезеңінде 4 турбогенератор салынды.   Жобаның екінші кезеңі 2020 жылы басталып ақпан- наурыз айларында толық  аяқталады. 

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды, фото-1


Жоба жетекшісі  Алекс Альфи Стиллавато облыс басшысына жұмыстың жалпы жоспарымен таныстырды. Құны 33 млрд теңге болатын жел электр станциясы іске қосылса электр энергиясы құнының төмендеуіне ықпал етеді. Ең бастысы, бұл қоршаған ортаға зиянсыз жасыл экономиканы дамытуға негізделген.
  Оңдасын Оразалиннің жұмыс сапары Ащылысай ауылында жалғасты. Өңір басшысы  жергілікті   тұрығындармен кездесіп, мәселелерін тыңдауға арнайы келгенін жеткізді.



- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында облысымызда іс-шаралар жоспары мен жобалар жасақталып, мақсатты жүзеге асырылып келеді.

Ащылысай ауылы «Ақтөбе-Орск» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың бойында орналасқан.

Ауыл тұрғындарының жақсы деңгейде өмір сүрулері үшін, мемлекет жол, газ, электр жарығын, ауыз су мен әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуге міндеттеледі.Ащылысай ауылы автомобиль жолымен, электр жарығымен, телефон байланысымен, ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Ендігі кезекте Әлімбет, Ащылысай ауылдарын газбен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, тиісті сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда аталмыш жоба ҚР Энергетика министрлігіне жолданып, 2020-2022 жылдары 1,2млрд.теңге көлемінде қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылуда,- деп атап өтті облыс әкімі.

Оңдасын Оразалин тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Жұмысқа орналасу, көшені жарықтандыру мәселелерімен келген екі тұрғынның да өтініштері  оңтайлы шешімін тапты.

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды, фото-2


Сонымен қатар, жеке  кәсіпкер Марат Убайдуллин облыс әкіміне  "Бизнестің жол картасы" аясында   құны 300 млн теңге болатын кэмпингтің жобасымен таныстырды. «В» санатты кэмпингте  50 орындық қонақ  үй,  шағын маркет, техникалық қызмет көрсету сервисі, көлік жуу және т.б. ораналасады. Жолаушыларға арналған орынның құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталады.  Жеке  кәсіпкер облыс басшысына  су мәселесінің  қиындық тудырып отырғанын айтты. Оңдасын Оразалин аудан әкімі  Асқар Жүсібәлиевке  түйіткілді тез арада шешіп, кәсіпкерге барынша қолдау  көрсетуді тапсырды.

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды, фото-3


Өңір басшысы  бұдан соң  Қосестек ауылдық округіндегі  150 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмысын бақылады. Ауыл әкімі Гүлжан  Досмағамбетова  нысанның  бірінші  желтоқсанда пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданы әкімі  Асқар Жүсібәлиевке Қос Естек ауылдық округі бойынша ауылішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізу, жарықтандыру жұмыстарын   жүзеге асыруды тапсырды.
Айтып өтейік, 2019 жылы Қарғалы ауданының даму бюджеті 1,3 млрд.теңгені құрады. Аудан орталығы Бадамша ауылының 14 көшесінің су құбырына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, биылғы жылы 4 көшеге асфальт жабындысы төселді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...