Beeline Шымкентте желіні ауқымды түрлендіруді аяқтады

Beeline Шымкентте желіні ауқымды түрлендіруді аяқтады, Сагимбаева Баян

25 қараша күні Beeline Қазақстан Шымкентте желіні ауқымды түрлендіруді аяқтады, деп хабарлайды City04.kz.

2019 жылы қалада желінің таралымы толықтай қайта қаралды. Базалық станциялар саны 444-тен 766-ға дейін жетті. Бұл – желінің сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар мобильді интернет жылдамдығын екі есе арттырды. Ауқымды құрылыс Түркістан облысын да қамтыды.

Жыл басынан бері Beeline мобильді интернеті осы өңірдегі 108 елді мекенде 3G стандартына пайда болса, 34 елді мекен 4G стандартымен қамтамасыз етілді. «Бізге қосымша бөлінген жиіліктерді біріктірудің арқасында интернет жылдамығын арттырдық. Түрлендіруге ықпал еткен тағы бір фактор Beeline-ның КСеллмен желіні бірге қолдану туралы келісімінен шығуы болды.

Бұған дейін бұл өңір серіктесіміздің иелігінде болған. Енді, Beeline Шымкент қаласы мен Түркістан облысында желіні дербес салып, оған қызмет көрсететін кезде, біз абоненттеріміздің мүддесін ескере отырып, желінің таралымын жақсарта аламыз», деді Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков. 2019 жылдың бірінші жартысында компанияда желіні ауқымды түрлендіру жобасы басталған.

Ол, қалаларда «ақ нүкте» қалдырмай, интернеттің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымын толық талдауды қарастырады. Бірқатар нысанда қондырғыларды ауыстыру – мәліметтерді жолдау жылдамдығын 4.5G және 4.9G деңгейлеріне дейін жеткізуге және келешекте базалық станцияларды 5G стандартында жұмыс істеуге жылдам көшіруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы алғашқы 5G сынақ желісі қазір қызмет етіп тұр. Ол Beeline мен NOKIA- ның ортақ еңбегінің жемісі. Сынақ 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Соның нәтижесі бойынша, ұялы байланыс операторы технологияға қажет инвестиция, Қазақстандағы 5G желісінің келешегі туралы қорытынды шығарып, 5G желісін жаппай енгізуге өз желісінің қаншалықты дайын екенін бағалайды. Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700 қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады.

Бұл – халықтың 95%-ы, оның 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы іске қосылған.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА БИЛАЙН
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии