Ақтөбеде 208 қару иесі жауапты болды

Ақтөбеде 208 қару иесі жауапты болды, Сагимбаева Баян

Ақтөбе облысында 208 қару иесі қаруды сақтаудың тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлацды City04.kz.

2019 жылдың қыркүйектің 15-нен бастапоблыста тәртіп сақшылары әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Учаске» алдын алу жедел шарасын өткізуде.

Қазірде 6780 азаматтық қару иесі тексеріліп,оның ішінде 208-і қаруды сақтау мен алып жүру ережелерін дұрыс сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 9 оқ қару тәркіленді, оның 8 тегіс ұңғымалы және 1 қолдан жасаған қару заңсыз айналымнан алынды.

Негізінен кездесетіндері -дабыл қондырғыларының талапқа сай еместігі, сейфтегі артық заттар немесе қару сақтауережелерінің орындалмауы және т.б.

Ақтөбелік полицейлер қызметтікқаруды сақтау, тіркеу және қолдану тәртібін бұзған 26 нысанды анықтады.

Ақтөбе облысының аумағындақызметтік қару қолданатын 144 заңды тұлға тіркелген,оның 124-і мемлекеттік емес күзет құрылымдары, 3 арнайы қару дүкені, 4 орман және аң әлемін қорғау мемлекеттік мекемелері мен 13 инкассация қызметі мен оқу орталықтары.

ҚР « Жекелеген қарулардың айналымын мемлекеттік қадағалау туралы» Заңның 30-шы бабына сәйкес жоғарыда айтылған заңды тұлғалар Ақтөбе облысы Полиция департаменті тарапынан үнемі бақыланады.

Жыл басынан бері тексеру нәтижесінде, 26 нысанда қызеттік қаруды қолдану, таысмалдау, тіркеу және сақтау тәртібінің бұзылғандығы байқалды.Заң талаптарын орындамаған мекемелердің бірінші жетекшілері әкімшілік жауапкершілікке жүктелді.

Негізінен жиі кездесетін кемшіліктер - қызметтік қаруды белгіленбеген жерде сақтау, және оны тиісті құжаты жоқ жұмысшыға беру,және қызметтік қаруды қараусыз қалдыру т.б.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии