Енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады, Сагимбаева Баян

Бұған дейін зорлық-зомбылық және жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін сотталатын.

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтар үшін жаза қатаңдатылмақ. Заң жобасын мәжілісмендерге таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай мәлімдеді. Ал педофилия қылмысына қатысты айғақтарды жасырып, біле тұра хабарламаған азаматтар да жазасыз қалмайды, деп хабарлайды City04.kz Zakon.kzкесілтеме жасап.

Бұған дейін зорлық-зомбылық және жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін сотталатын. Бірақ соңғы кезде балалар мен әйелдерге көрсетілетін зорлықтың артуынан қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетін болды.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр.

Педофилия бабы бойынша сотталған азаматтар түрмеден шығардан 6 ай бұрын психологиялық тексерістен өтеді және үнемі дәрігерлердің бақылауында болады. Дегенмен, бостандыққа шыққандары қайтадан қылмыс жасап жатыр.

Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Таяуда педофилдерге химиялық кастарция жасауға рұқсат беру туралы Қылмыстық кодекске өзгерістер енгіздік. Ауыр қылмыс жасаған және психологиялық ауытқушылығы бар азаматтарға бұл жазаны қолдану сот өкімімен тағайындалады. Осы уақытқа дейін химиялық кастрация жасалған сотталушылардың барлығы қазір түрмеде.

Жаңа заң жобасында есірткі бизнесіне де қатаң жазалар қолдану қарастырған. Наркотиктік заттардың жарнамалау ауыр қылмыстар қатарына енгізілді және кінәлілер 15 жылға дейін темір торға тоғытылады. Ал мас күйінде көлік басқарғандар жүргізуші куәлігінен 8 жылға айырылатыны айтылды.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Қазір мас болсын, сау болсын, адамды машинамен қағып өлтіріп алса, жаза бірдей. Әрі кеткені 5-ақ жыл. Енді мас күйінде жасалған осындай қылмыс 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

Марат Ахметжанов бұдан бұлай ұрлық жасау да ауыр қылмыстар қатарына жататынын мәлімдеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтар өзегінің мүлкін жымқыратын болса, 5 жылдан 7 жылға дейін жаза арқалайды.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии