• Главная
  • Оңдасын Оразалин ҚР РФ-дағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
17:56, 3 декабря 2019 г.
Надежный источник

Оңдасын Оразалин ҚР РФ-дағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

Оңдасын Оразалин ҚР РФ-дағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР РФ-дағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

Облыс әкімі Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда болды.

Кездесу барысында тараптар Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында қазақстандық жауынгерлерді еске алу үшін Ресейде мәңгі есте сақтау бойынша бірлескен мәдени-гуманитарлық жобаларды талқылады.

Оңдасын Оразалин ҚР РФ-дағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, фото-1

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елшілік пен Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен жұмысының арқасында Ржевтегі қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориал қайта жаңғыртылып, Санкт-Петербургте Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш ашылған болатын.

Оңдасын Оразалин Елшімен кездесу барысында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары тарихы мұражайының экспозициясымен танысты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ МИРА #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...