16:45, 4 декабря 2019 г.
Надежный источник

Дені саудың - рухы сау!

Дені саудың - рухы сау!

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің арасында 5 шақырымға жүгіруден марш-жүгірісжарысы өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей дене шынықтыру және спорт құралдары ұжымдық және жалпы қоғамда денсаулықты көтеру және салауатты моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру мәселелерін шешудің әмбебап қабілетіне ие. Салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене жаттығуларымен жүйелі айналысуға тарту және дене дайындықтарын, спорттық шеберліктерін арттыруға бағыттау мақсатында өткен шара нәтижелі болды.

Жарысқа Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінен жалпы саны 20 команда, 80 адам қатысты.

«Ең үздік марафоншы»номинациясы бойынша:

1-орынды Қожанбаев Аслан (жедел құтқару жасағы);

2-орынды Басенов Нұржан (№2 МӨСБ);

3-орынды Губайдуллаев Дастан (№1 МӨСБ) жеңімпаз атанды.

Жарыстың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар:

1-орынды Өрт сөндіруші;

2-орынды Алға ауданы №6 өрт сөндіру бөлімі;

3-орынды Мұғалжар ауданы №8 өрт сөндіру бөлімдері командалары иеленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...