Ақтөбе облысы Кореямен ынтымақтастықты нығайтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Киммен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

Аймақ басшысы корей делегациясының өкілдерін Ақтөбе жерінде қарсы алды.

- Корея Республикасы - біздің мемлекетіміздің маңызды және болашағы бар серіктесі болып саналады. Ақтөбе облысының аумағында корей капиталының қатысуымен мұнай-газ, логистика және коммуникация саласында 4 компания жұмыс істейді. 2019 жылдың 8 айында өзара тауар айналымы 87 миллион АҚШ долларын құрады. Денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықтың оң тәжірибесі бар.

Мәселен, облыс әкімдігі мен Сеул ұлттық университеті арасындағы меморандум аясында Ақтөбе медициналық орталығының базасында диагностикалық орталық салынуда, - деген Оңдасын Оразалин Ақтөбеде 1300 адамнан тұратын«Қазақстан Корей қауымдастығы»этномәдени бірлестігі жұмыс істейтінінін қоса атап өтті.

Диаспора жанында жексенбілік мектеп бар, онда әртүрлі ұлт өкілдері мемлекеттік және корей тілдерін оқиды.

Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Ким Оңдасын Оразалинге жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, соңғы жылдары екі ел арасындағы қатынастар жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

- 27 жылдық ынтымақтастық кезеңінде Корея Қазақстанға 4 миллиард АҚШ долларын, оның ішінде мұнай секторын дамытуға 1 миллиард доллар инвестициялады. Ең ірі кореялық ұлттық мұнай компаниясы Ақтөбе облысында жұмыс істейді. Сіздің аймағыңызбен екіжақты қатынастардың әлеуеті жоғары екеніне сенімдімін. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, - деді елші.

Тараптар екіжақты экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді, экономика, IT-технологиялар, денсаулық сақтау және басқа салалардағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

- Біздің басты мақсатымыз - екі елге өзара пайда әкелетін перспективалы жобалармен алмасу. Біз барлық ұсыныстарды талдап, қарастыруға дайынбыз, ортақ пікір табылатынына сенімдімін, - деп қорытындылады аймақ басшысы.

ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии