Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Сагимбаева Баян

Мәжіліс залында Әйтеке би аудандық филиалының "Нұр Отан" партиясының қызметкерлері азаматтық қорғау Әйтеке би ауданы бойынша "Жемқорлық-теріс әлеуметтік құбылыс" атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды City04.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлық ұғымын және механизмін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жариялау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы әңгімелеу. Дөңгелек үстелге "Нұр Отан" партиясы Әйтеке би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. К. Алипбаев қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Әйтеке би ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ. Тұрғанов сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатындығын атап өтті.

- Сыбайлас жемқорлық мемлекет негіздерін бұзады, елдің табысты дамуына кедергі жасайды. Қазіргі уақытта мемлекет пен қоғам осы келеңсіз құбылыспен күресуде күш — жігерді біріктіруі қажет, - деді ол дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде.

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе, М. К. Алипбаев құқық қорғау органдары жұмысының сапасын арттыруға қатысты Ұлт Көшбасшысының сөздерін мысалға келтірді:

- Үлкен өкілеттілік берілген погондардағы адамдар мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленуі тиіс.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте озық болуға тиіс екендігін ерекше атап өтті.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии