Адалдық – балалық шақтан басталады

Адалдық – балалық шақтан басталады, Сагимбаева Баян

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Leader - Q» жастар қоғамдық бірлестігімен ортақтаса отырып, «Адал ұрпақ» жобасы аясында «Адалдық – балалық шақтан басталады» атты шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды City04.kz.

Аталмыш шара №39 «Достық» балабақшасында өтті. Қазақтың «Тәрбие – тал бесіктен» мақаласын негізге ала отырып ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты кішкентай сәбилерге дұрыс бағытта үлгі көрсету.

Адалдық – балалық шақтан басталады, фото-1 Адалдық – балалық шақтан басталады, фото-2

Балаларды жақсылыққа, мейірімділік пен ізеттілікке баулу. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығы негізінде студент-жастар балабақша балаларымен бірлескен сенбілік жұмыстарын жүргізе отырып оларға тазалықты, адалдық пен парасаттылықты насихаттау.

Шара барысында «Leader - Q» ЖҚБның еріктілері балалармен ойындар ойнатып, би билеп, балабақша сәбилеріне сергіту сәтін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 желтоқсан – халықаралық еріктілер күні. Осы орайда «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұжымы облысымыздың барша еріктілер топтары мен ұйымдарын мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!

НОВОСТИ АКТОБЕ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии