• Главная
  • 20 жаңа туған сәбилер мен ата-аналарына сыйлықтар табысталды
15:46, 12 декабря 2019 г.
Надежный источник

20 жаңа туған сәбилер мен ата-аналарына сыйлықтар табысталды

20 жаңа туған сәбилер мен ата-аналарына сыйлықтар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық Ахат бөлімінің қызметкерлерімен 20 жаңа туған сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәліктері салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды City04.kz.

Неке сарайының «ұлттық залында» өткен шара барысында әр нәрестеге естелік сыйлықтар берілді.

Облысымызда балалардың тууы 3 % өскен. 2019 жылдың 11 айында Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімінде 12263 сәбидің туылуы тіркелді. Ал ағымдағы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш – 11939 мөлшерін көрсетеді.

- Сәбилі болған отбасыларды мерекелермен құттықтау біздің ұжымның дәстүріне айналды. Тәуелсіздік күні қарсаңында біз 20 нәрестелі болған отбасыларды құттықтауға шешім қабылдадық. Естелік сыйлыққа әр отбасыға ауа ылғандандырғыш табыстадық. Ауа ылғалдандырғыш ауадағы барлық микробтарды жояды. Сәбилерге антибиотиктер беру қажеттілігі болмайды. Өте пайдалы дүние. Мен өз немерелеріме де пайдаландым,- дейді Ақтөбе қалалық Ахат бөлімінің басшысы Мамбетова Валентина Темірболатқызы.

- Екінші баламның құжаттарын алып жатырмыз. Қуанышты сезімдемін. Осындай шаралардың жиі болғаны дұрыс, - дейді бүгінгі шарада сыйлықпен табысталған Ақтөбелік тұрғын Қалабаева Раушан.

Нәрестелі болғандардың басым көпшілігі жастар. Отбасылардың ішінде бесінші сәбилерін бауырына басқандар да бар .

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...