• Главная
  • Ақтөбеде Qazaq Kuresiнен Әлем Чемпионатының соңғы күні
17:27, 16 декабря 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Qazaq Kuresiнен Әлем Чемпионатының соңғы күні

Ақтөбеде Qazaq Kuresiнен Әлем Чемпионатының соңғы күні
Бүгін Ақтөбе қаласында өтіп жатқан  Qazaq Kuresiнен Әлем Чемпионатының  соңғы күні
Осыған орай халықаралық жарыстың  нәтижелері мен Qazaq Kuresi федерациясының  алдағы жоспарларын білу мақсатында  баспасөз конференциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды City04.kz.
 Брифингке Qazaq Kuresi халықаралық  федерациясы президентінің кеңесшісі  Ұлан Рысқұл,  Әлем Чемпионатының  кеше ғана  өткен 100+ салмақ дәрежесі бойынша жеңімпазы Руслан Әбдіразақов, және ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Ким Си Хен қатысып журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
Ұлан Рысқұл Qazaq Kuresiндегі  соңғы жаңашылдықтармен бөлісті.
Мәселен, палуандардың жалаңаяқ өнер көрсетуі, ыңғайлы болу үшін   роуматада белдесуі сынды бірқатар өзгерістер енгізілген.  Сонымен қатар, әлемнің 29 елінде  Qazaq Kuresiнің  федерациясы жұмыс жасайды. Олимпиада ойындарының қатарына  кіру үшін федерация 60 мемлекетте  ашылуы қажет.
Қазір   федерация Qazaq Kuresiн олимпиада, Азия  ойындарының  қатарына  енгізу мен ұлттық спортты   мектеп бағдарламасына қосу  бойынша жан-жақты жұмыстардың атқарылып жатқандығын   жеткізді.  
РФ- нан келген палуан, жақында ғана  "Әлем барысы" атанған Роман Бобиковты жеңіп, қазақ елін қуантқан әлем чемпионы Руслан Әбдіразақов   жарысқа жоғары бағасын берді.
«Qazaq Kuresiнің әлем алдындағы  беделін көтеру үшін барымызды салуымыз керек, жарыс өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды,  қолдау білдірген ақтөбелік жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін»,-деді  Руслан Әбдіразақов.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық құрама бірінші жарыс күнінде үш алтын және екі қола жүлдемен толықты: Әбдіразақовтан басқа, қазақстандықтар Дәулет Ниетбай (55 кг дейін) және Нұрым Сәлімгереев (100 кг дейін) алтынға қол жеткізді. Қола жүлде Ерлан Еренқайыпов (60 келіге дейін) және Әділжан Ыстыбаевқа (90 келіге дейін) бұйырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #новости казахстана

Комментарии

Объявления
live comments feed...