• Главная
  • Qazaq Kuresi Әлем чемпионаты жеңімпаздарының есімі белгілі болды
07:00, 17 декабря 2019 г.
Надежный источник

Qazaq Kuresi Әлем чемпионаты жеңімпаздарының есімі белгілі болды

Qazaq Kuresi Әлем чемпионаты жеңімпаздарының есімі белгілі болды

15-16 желтоқсанда Ақтөбе қаласының (Қазақстан) Мұз сарайында Qazaq Kuresi бойынша Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 40-тан астам елден 200 спортшы қатысты, деп хабарлайды City04.kz.

16 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында өткен Qazaq Kuresiнен өткен Әлем Чемпионаты қорытындыланды. Әлемнің 40 тан астам елінен келген әр түрлі салмақтағы палуандар желтоқсанның 15-16 күндері спортшылар 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Нәтижесінде, сайыстың алғашқы күні   55 кг салмақта өнер көрсеткен еліміздің палуаны  Дәулет Ниетбаев бірінші орынға ие болды, екінші орын Моңғолиядан   Давааниям Букшулумға бұйырса, үшінші орынды Өзбекстан елінен Икрам Абдреимов алды.  60 кг салмақта белдескен палуандар арасында  бірінші орынды Моңғолиядан Баттсерен Енебиш алса, екінші орынға өзбекстандық спортшы Хасанов Отарбек қол жеткізді.Жапониядан  Ошума  Такуми үшінші орынға тұрақтады.
Әлемнің 40 тан астам елінен  200 спортшы қатысқан жарыстың  соңғы күні де   тартысты өтті.
66 кг салмақта  Қазақстаннан Қуаныш Искаков еліміздің еншісіне шешілген тағы бір алтынды жеңіп алды.  Моңолия палуаны Батзая Ерденебаяр екінші орын алса, үшінші орын Тәжікстан елінен Хусеинзода  Мухаммадраджабқа бұйырды.
74 кг-да  өнер көрсеткендер арасында тағы бір отандасымыз, Айдос Ғалымов  алтынды қанжығалады. Күміс жүлдені грузиялық  Барбакадзе Елгужа жеңіп алды. Үшінші орын қоланы жүлде молдовандық Вячеслав Плэмэдялэ алды.
82 кг бірінші орын РФ Григорян Арам, екінші орын күміс жүлдені  қазақстандық  Сахан Әбдіқасым иеленсе, үшінші орын қола өзбекстандық Сарвар Шомурадовқа берілді.
90 кг өнер көрсеткен  Грузиядан Паата Гвиниашвили алтынға қол жеткізді. Күміс жүлде жапондық Саннохе Юкиге бұйырса, қола жүлде Моңғолия елінің палуаны  Ерден Тогтох Туменнасан мен Қазақстаннан Әділжан Ыстыбаевқа бұйырды.
100 кг салмақта  бірінші орынға Нұрым  Сәлімгереев қол жеткізді, грузиялық Лорияшвили Давити екінші орын, үшінші орын қола медальді  Польша елінен  Игорь Дзиерзановский мен Иран Республикасынан Ахмад  Язданпанах алды.
+100 кг салмақта  Руслан Әбдіразақов қарсыласынан басым түсіп бірінші орынға қол жеткізді. Екінші орын РФ-нан Роман Бобиков, қола жүлде өзбекстандық Мухсин  Хисомиддинов пен  грузиялық  Гуга Кибордзалидзеге бұйырды.
Өзбекстан елінің спортшысы Мухсин  Хисомиддинов  грузиялық палуан Бека Бердзенишвилиден басым түсіп ABS (Түйе палуан) категориясы бойынша жеңіске жетті.   Қола жүлде тәжікстандық спортшы  Дадахон  Қурбоналиевке  бұйырды. ABS жеңімпаздарына  жүлдені ҚР Энергетика министрі, Qazaq kuresi Халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев пен Ақтөбе облысының  әкімі Оңдасын Оразалин табыстады.
Қанат Бозымбаев  халықаралық жарыстың Ақтөбе өңірінде өткізіліп, оны  ұйымдастыруға ат салысқаны үшін аймақ басшысына алғысын білдірді.
2 күнге жалғасқан әлемдік чемпионаттың биылғы ерекшелігі  Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды.Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан бөлек, үздік техника, әдемі әдіс және тағы басқа техникасымен ерекшеленген спортшылар  марапатталды.
Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өтетін Әлем чемпионатында балуандар белдесетін кілем жарақат жағынан қауіпсіз ролл матқа ауыстырылды. Қолдануға ыңғайлы, сапасы жоғары және қалың материалдың арқасында күрестің динамикасы артты.

Qazaq Kuresi Әлем чемпионатында 20-дан астам төрешілер қатысты.  Олардың арасында Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения өкілдері болды.
Естеріңізге сала кетейік, Чемпионатқа Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Иран, Ұлыбритания, Үндістан, Литва, Ресей және басқа да елдердің спортшылары қатысты.  Әлем чемпионатына Корея, Франция, Ауғанстан және Испания сияқты елдер алғаш рет қатысты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...