
10:41, 19 декабря 2019 г.
Надежный источник
От-шашуды пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақта

18 желтоқсан күні Ақтөбе облысы ТЖД Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Алға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 17-22 желтоқсан күндері Республика бойынша өтіп жатқан «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1-кезеңі бойынша ауданның білім беру мекемелерінің оқушыларына от-шашуды пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау бойынша ашық сабақтар өткізді, деп хабарлайды City04.kz.
Пиротехниканы қолданудың бірнеше ережелері бар:
- абай болыңыздар және кәмілетке толмаған балаларға өздігінен снарядты жағуға немесе оның ұшыруы кезінде жақын орналастыруға мүмкіндік бермеңіздер;
- фейерверктер мен салютты балалар мен үй жануарларына қолжетімсіз жерде сақтаңыздар, киім қалталарында пиротехникалық өнімдерді салмаңыздар;
- егер ракета ұшып кетпесе, оны ерте бастан-ақ оның себебін анықтаудың қажеті жоқ. Он минут күтіп, одан кейін іске қосылмайтын снарядқа ақырын су құйыңыздар және оны өзге қоқыстармен бірге жойыңыздар. Күйіп кеткен фитильді қайталап жақпаңыздар;
- егер сіздің бөлмеңізге жат ракета ұшып келсе, оны қолға алудың қажеті жоқ, ең бастысы - дүрлікпеңіз және кез келген жанбайтын сұйықтықпен отты сөндіруге тырысыңыз, бұл айтарлықтай қиын емес.
Егер мұны жүзеге асырылмаған жағдайда – өрт сөндірушілерді шақырыңыздар. Есте сақтаңыздар, Жаңа жылдағы қауіпсіздік тікелей пиротехникаларды дұрыс пайдалануға байланысты.
Ақтөбе облысының ТЖД
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:00
19 мая
Объявления
18:17, 9 мая
3
18:18, 9 мая
54
live comments feed...
Комментарии