• Главная
  • Өңір басшысы жергілікті мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін күшейтуді тапсырды
14:30, 19 декабря 2019 г.
Надежный источник

Өңір басшысы жергілікті мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін күшейтуді тапсырды

Өңір басшысы жергілікті мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін күшейтуді тапсырды

Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарындағы атқарушылық тәртіп мәселесі қаралды, деп хабарлайды City04.kz.

Оған облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты.Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұржауған Қалауовтың айтуынша, осы жылғы 1-18 желтоқсан аралығында облыс әкімі тарапынан 133, орталық мемлекеттік органдардан 372 тапсырма берілген. Хаттамалық тапсырмалардың үшеуінің мерзімі бұзылып, 12-сі орындалмаған.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының әкімдігі қазандықты кеңейту, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 900 орындық орта мектептің құрылысын аяқтау және «Ақжар-2» шағын электр стансасын кеңейтуге қатысты тапсырмаларды орындамаған. Тапсырмалардың көрсетілген мерзімде орындалмау себебі маңызды жобаларды жүзеге асырумен айналысатын мердігер мекемелерге байланысты.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының басшылығына аталмыш нысандарды аяқтау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.Президент әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі және Орталық мемлекеттік органдар берген 577 тапсырманың алтауы орындалмаған. Осыған байланысты облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер сынға алынды.

Оның ведомствосы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты тапсырманы орындамаған.Сондай-ақ, өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына жеті күн тәулік бойы байланыста болу керектерін ескертті.

- Сіздер әрқашан халық үшін қол жетімді болуларыңыз тиіс, әсіресе қыста. Түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Ескертемін: бәрі байланыста болулары керек: телефондарыңыз үнеміз қосулы болсын,- деп ескерткен Оңдасын Оразалин азаматтардың әлеуметтік желілердегі шағымдарына жедел жауап қайтаруға шақырды.

Өңір басшысы жергілікті мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін күшейтуді тапсырды, фото-1

- Әлеуметтік желілерді сараптап, ақтөбеліктердің айтқан пробелмаларын қысқа мерзім ішінде шешу қажет. Өңірде барлық бағыттар бойынша шаралар қабылдануда, тұрғындар осы жұмыстың нәтижесін көрулері керек. сіздердің тараптарыңыздан кері байланыс болуы тиіс,- деді Оңдасын Оразалин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...