Сымдардың түтенуін бірден байқаған автобус жүргізушісі балаларды аман алып қалды

Сымдардың түтенуін бірден байқаған автобус жүргізушісі балаларды аман алып қалды

19 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында № 3 орта мектептің 40 бала отырғызылған автобустың жүргізушісі дер кезінде түтенген сымдарды байқап, балаларды аман алып қалды, деп хабарлайды City04.kz.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да № 3 орта мектептің 1-5 сынып оқушылары үйлеріне жеткізілмек болып автобусқа отырады. Бірнеше километрді жүріп өтіп, жүргізуші қозғалтқышта сымдардың түтінденуін байқап, жолдың жиегіне тоқтаған.

Патрульдік полиция наряды құрамында полиция лейтенанты Алмат Бақыткерей мен кіші лейтенант Алмат Күздебаев осы сәтте автобус жанынан өткен еді.

Оқиға болған жерді көріп, олар түтіндеген автобустан балаларды эвакуациялау шараларын қолға алып, оларды қауіпсіз жерге шығарды.

Абырой болғанда, түтінге оранған оқиға орнында жүргізушіге әпсәтте көмек көрсетіліп, түтін сөндірілді.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии