• Главная
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды
10:02, 25 декабря 2019 г.
Надежный источник

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Бұлбұл Елеусінова тағайындалды, деп хабарлайды City04.kz.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин сейсенбі күні өткен аппарат жиналысында жаңа басшыны тағайындады.

43 жастағы Елеусінова Бұлбұл Ораққызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін «мұғалім» және «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы 5 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектептің мұғалімі болып бастаған.

2004 жылдың тамыз айынан бастап Қобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғау және мәдениет бөлімінің бас маманы, сонымен қатар, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың қараша айынан бастап –  Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымдарын атқарды.
2017 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасын басқарды.
Оңдасын Оразалин басқарма басшысының жаңа қызметіне табыс тілеп, барлық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Бұлбұл Елеусіноваға басқарма ұжымын таныстырды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...