Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізейік!

Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізейік!

Жаңа жыл кезінде барша халық көптеген жаңа толғаныстар мен тілектердің қабыл болғанын асыға күтеді. Алайда, мереке кезінде гирляндалар, бенгальді оттар сияқты пиротехникалық өнімдердің кесірінен өрт қаупі туындап жатады.

Жаңа 2020 жылды тойлаған кезде өрт жағдайларының алдын алу үшін Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі іс-шаралар ұйымдастыруда, деп хабарлайды City04.kz.

Ауданның сауда орындарында пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолдануды іске асыру жұмыстары жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сауда орындарының басшыларына сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға тыйым салынатынын ескертіп, сәйкес келмейтін пиротехникалық өнімдерді сатылымнан алып тастауға ұсыныс берілді. 2019 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рұқсат етілмеген пиротехникалық өнімдерді сату орындарына рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Жаңа жылдық мереке - бұл таңертеңгілік, маскалы бал, бір сөзбен айтқанда көпшілік жұрт жиналатын мереке.

Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізейік!, фото-1

Ал, бөлімнің басты көңіл бөлетін жұмысы - халықтың, әсіресе балалардың қауіпсіздігі. Жыл сайын бөлім қызметкерлері мерекелік шара болатын мекемелерді аралап, ұсынымдар береді. Өрт-техникалық профилактика кезінде көп жағдайда эвакуациялық шығу жолдарына, иллюминация монтажына, электр өткізгіштерге және кіреберіс жолдарына ерекше көңіл бөлінуде.

Мектеп басшыларымен және аудандық бала-бақшалармен бірге жаңа жылдық мерекелік кештерді ұйымдастыру кездерінде өрт қауіпсіздігін болдырмау үшін арнайы нұсқаулықтар өткізіліп, жаднамалар таратылды.

НОВОСТИ АКТОБЕ НОВОСТИ КАЗАХСТАНА
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Комментарии