• Главная
  • Ақтөбе облысында үздік тергеушілер анықталды
15:58, 6 января 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында үздік тергеушілер анықталды

Ақтөбе облысында үздік тергеушілер анықталды

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінде үздік тергеуші мен үздік анықтаушы анықталды, деп хабарлайды City04.kz.

Олардың барлығы сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша іріктеуден өтті. Ақтөбе облысының Полиция департаментінде өңірдегі тергеу бөлімшелерінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Сондай-ақ, Департамент басшылығы ағымдағы жылға міндеттер қойып, жеке құрамға ІІМ және ПД басшылығының талаптары мен міндеттерін жеткізді. Департамент басшылығының негізгі талаптарының бірі - қылмыстық процеске қатысушылар тарапынан шағымдар мен өтініштерді азайту, тергеудің әуре-сарсаңын болдырмау, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу және тергеу сапасын жақсарту. Ақтөбе облысының үздік тергеушісі болып Ақтөбе қаласы Астана ауданы № 1 қалалық полиция бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Жанара Исмағұлова танылды.

Ақтөбе облысында үздік тергеушілер анықталды, фото-1

Исмагулова Жанар бала кезінен бастап полиция қызметкері болуды армандаған. Жанардың ата-аналарын бұл ойы қатты таңғалдырмаса керек, өйткені, үлкен ағасы өзге облыста құқық қорғау органдары саласында қызмет етеді. 2019 жылы тергеуші Жанардың арқасыцнда 100 ден астам іс сотқа жөнелтілген, сондай-ақ, ол 17 ауыр санаттағы қылмыстық істерді тергеген.Осындай көрсеткіштер елеусіз қалмасы анық.

Ақтөбе облысының ең үздік анықтаушысы деп Ақтөбе қаласы Алматы ауданы № 3 қалалық полиция бөлімінің аға анықтаушысы полиция аға лейтенанты Айболат Баймурзинтанылды.

Айболаттың ойы бойынша ішкі істер саласы қызметкерінің басты міндеті біріншіден өзінің және азаматтардың алдында жауапкершілігін жіті түсіне білуі.

- Қылмыстық істерді тергей отырып, мен өзгелердің мұң-мұқажына салқын қарайтын жүрегі жоқ машинаға айналмаймын. Қай жерде болмасын, қай істе болмасын бастысы адамгершілік және де шаршағаныма, жұмыстардың көптігіне қарамастан жолыққан адамдарға зейін бөліп, ерекше ықыласпен тыңдауға тырысамын, -деп ой бөлісті Баймурзин Айболат.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...