09:00, 13 января 2020 г.
Надежный источник
Қиын қызметтің қорытындысы
Ақтөбе облысы ТЖ аудандық бөлімдеріне 10 су жаңа «Нива» автокөлігін Ақтөбе облысы әкімінің атынан оның бірінші орынбасары Рахат Сыдықов табыс етті, деп хабарлайды City04.kz.
Осы «сыйлықтан» кейін, 10 қаңтарда Департамент бөлімшелерінің 2019 жылғы қорытынды жедел кеңесі басталды.
Кеңесті аша отырып, Рахат Сыдықов Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі азаматтардың өрттен және өзге де төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын, әкімдік те бұдан әрі құтқарушыларды техникалық жабдықтауда барлық мүмкін болатын қолдау көрсетуге ниетті екенін, сондай-ақ осы мақсатта 2020 жылы жергілікті бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінетінін атап өтті.
Көліктен бөлек, үздік құтқарушыларға арналған облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Кеңесте 2019 жылғы жетістіктер мен кемшіліктер жан-жақты талқыланды. Облыс басшылығы нақты тапсырмалар берді. Ал «Ауыспалы жалауша» көпшіліктің қошеметімен Ақтөбе қаласы ТЖ басқармасының ұжымына берілді.
Алайда, ақтөбелік құтқарушылар қызметінің басты нәтижесі 890 өмірді құтқару болып табылды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:48
11 ноября
14:00
8 ноября
Объявления
08:21, 31 октября
7
08:21, 31 октября
live comments feed...
Комментарии