• Главная
  • Ақтөбеде мұғалімдер жаппай туберкулез жұқтырған бa?
14:32, 14 января 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде мұғалімдер жаппай туберкулез жұқтырған бa?

Ақтөбеде мұғалімдер жаппай туберкулез жұқтырған бa?

Мектепте сабақ әдеттегідей жалғасып жатыр. Басшылықтың өзі мұғалімнің туберкулезге шалдыққанын желтоқсан айының аяғында біліпті.

Ақтөбеде бүтін бір елді мекен үрей құшағында отыр. Алға ауданы Бесқоспа ауылының тұрғындары мектептің мұғалімі туберкулезге шалдыққанын жақында білдік дейді. Әрі ұстаздардың індетке шалдыққаны бірінші рет емес. Осыдан үш жыл бұрын мұғалім ауырып, емделіп шыққанын айтты. Осыдан кейін тиісті мекемелер дереу шара қолданбаса, ауылды дерт жайлай ма деп отыр.

Құрт ауруы анықталған мектепте неге карантин жарияланбады? Ауылдың халқы неге мәселелерін домалақ арыз арқылы ғана жеткізуге мәжбүр?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бесқоспа ауылында қазір ауданнан арнайы келген мамандар жүр. Олар індетке шалдыққан мұғалімнің жұмыс орны мен үйін дезинфекцияламақшы.

Ал мектепте сабақ әдеттегідей жалғасып жатыр. Басшылықтың өзі мұғалімнің туберкулезге шалдыққанын желтоқсан айының аяғында біліпті. Жүкті келіншек бұған дейін ауырып жүргенінен өзі де бейхабар болған деп отыр. Туберкулез анықталған соң, мектеп директоры дереу аудандық білім бөліміне хабарлаған. Санитар мамандар келіп мұғалім дәріс оқыған кабинеттерді дезинфекциялапты. Қазір де күніне бірнеше мәрте еденді хлорлы сумен сүріп алып отыратындықтарын айтты. Жауапты мекемелер карантин жариялауға негіз жоқ дегеннен кейін оқу процесін үзбеген.

Рүстем Қожаниязов, мектеп директоры:

"Анонимный арызбен хабар келді. Арызда көрсеткен 20 мұғалім бұл мектепте туберкулез деп. Ешқандай жиырма мұғалім емес. Бізде үш мұғалім 6 техқызметкер жаңағы, олардың барлығы басым көпшілігі, тек екеуі соңғы үш жылда ауырған. Қалғандары жиырма жыл, он бес жыл бұрын ауырып, мектепте техызметкер, біреуі жұмысшы болып жасап істеп жүр".

Соңғы екі-үш жылда туберкулез дерті анықталғандықтан, алты ай сайын мұғалімдері бар,оқушылары бәрі медициналық тексеруден өтіп тұрады екен. Манту екпесі салынып, флюрографиядан өтеді. Мектептің директоры індет таралып кететіндей еш қауіп жоқ деп сендірді. Ал ата-аналар болса, бәрібір алаңдаулы.

Нұрлыбек Балымбетов, Бесқоспа ауылының тұрғыны:

"Балам оқиды, конечно алаңдаймын. Жұқпайды деп айтып кетті. Білмеймін,оны енді Алла біледі. Қалай айтып тұрғандарын. Сосын мұғалімдер ауырып жатыр пневмониямен дейді. Оның не екенін, салқын тиген деп жатыр ғой. Дезинфекция жасады дейді, мектепті жауып жасау керек ғой. Ал бұл жақта не жасап жатқанын білмейміз".


Нұрлыбек Балманов, Бесқоспа ауылының тұрғыны:
"Олардың кемшілігі- айту керек еді халыққа, ескерту керек еді. Енді бізді сендіргеннен кейін сеніп тұрмыз. Қауіп жоқ, алаңдамаңыз дегеннен кейін".


Ауылдықтар жандайқайына әкім-қаралардың жүрдім бардым қарайтынына алаңдап, аноним хатты облыс басшылығына жолдаған. Үшбу хатта соңғы жиырма жылда мектептің бірнеше мұғалімі мен қызметкері құрт ауруын жұқтырғанын, бұл мәселені жылы жауып қоя берсе, балаларымыздың күні не болмақ депті. Дереу облыстан комиссия келіп, ауылдықтармен кездесу өткізген.

Ерлан Тәтімов, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері:
"Облыстық ауруханада ем алып жатыр, жаңдайы жаман емес, зертхананың берген анализі, туберкулез бактерияларының жұқпайтын түрі. Мектепте болған оқушылардың барлығын тексерістен өткіздік. Жұмысшылардың бәрін тексердік, 178 адам, үйінде болған отбасы мүшелерін тексердік, ешқандай туберулезге қатері бар белгі болған жоқ".

Бесқоспада 80 түтін бар. Мектепте 100 оқушы білім алады. Олардың 15 жасқа дейінгілеріне манту сынамасын салып, жоғары сыныптағыларды флюорографияға түсіріп жатыр. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердегілер ешкімнен оң нәтиже анықталған жоқ деп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...