• Главная
  • Бүгілген шегемен қорғалған сарайдан 2 қойды ұрылар қағып түсірді
17:12, 14 января 2020 г.
Надежный источник

Бүгілген шегемен қорғалған сарайдан 2 қойды ұрылар қағып түсірді

Бүгілген шегемен қорғалған сарайдан 2 қойды ұрылар қағып түсірді

12 қаңтарында Қобда ауылындағы жергілікті тұрғынның сарайынан 2 қой ұрланып, ұрылар жедел ұсталды, деп хабарлайды City04.kz.

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында белгісіз тұлғалар Қобда ауылындағы үйдің ауласындағы кіретін есігі бүгілген шегемен жабылғансарайдан жергілікті тұрғынға тиесілі Гиссар тұқымының 3 жастағы екі қойын жасырын түрде ұрлап кеткен. Шығын 80 000 теңгені құраған ұрлық ісінің иелері Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында екі жергілікті тұрғын екені анықталды.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше күдіктілердің өз кінәсін мойындағаны және уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Айта кетейік, ҚР Заңнамасының өзгерістеріне сәйкес, осы жылдың 11 қаңтарынан бастап мал ұрлығы үшін жауапкершілікті арттыру мен күшейту, сондай-ақ, жасырын түрде ұрлау үшін де ҚР Қылмыстық кодексіне жаңа бап енгізілген болатын.

"Тұрғын үй, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына заңсыз кірумен" сараланған мән-жайлар келісімге келу мүмкіндігін болдырмайтын қылмыстардың ауыр санатына жатқызылған. Енді мал ұрлығы мен тонау - 5 жылдан 10 жылға дейін тәркілеу санкцияларымен қарастырылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #КРАЖА ОВЦОВ #КРИМИНАЛ

Комментарии

Объявления
live comments feed...