14:02, 15 января 2020 г.
Надежный источник

Жол қауіпсіздігін ескере жүр

Жол қауіпсіздігін ескере жүр

Ақтөбе қаласының патрульдік полициясы мектептерде жол қозғалысы қауіпсіздігі сабақтарын өткізуде, деп хабарлайды City04.kz.

Патрульдік полицейлер тұрақты түрде жол қозғалысы ережелері бойынша оқушыларға сабақ өткізеді. Олар балаларға автомобильде, қоғамдық көліктерде және жол бөліктерінде өздерін қалай ұстау керектігін еске салды.

Сабақ барысында инспекторлар жолда жүру ережелерін, сондай-ақ реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ ауладағы жол қауіпсіздігі ережелері туралы айтты.

Әңгіме соңында полиция қызметкерлері балалардың алған білімдерін тексерді, ал балалар өз кезегінде сұрақтарға қуана жауап беріп, жол ережесін бұзбауға уәде берді.

- Мұндай сабақтар қала мектептерінде тұрақты негізде өткізіледі. Бізде патрульдік полиция қызметкерлері өздерінің патрульдеу аумағына жақын маңдағы мектептерде ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірлге жол қауіпсіздігі сабақтарын өткізеді. Олар балаларды жол арқылы қалай өту керектігін түсіндіреді ,- деді патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шуканов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...