• Главная
  • Сауда орындарында нұсқаулық жүргізілуде
14:29, 15 января 2020 г.
Надежный источник

Сауда орындарында нұсқаулық жүргізілуде

Сауда орындарында нұсқаулық жүргізілуде

Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сайда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар жүргізді, деп хабарлайды City04.kz.

Шара барысы 2020 жылдың 10 қаңтарында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы әкімдігінің өкілімен бірлесіп колхоз базарының, "Арай" жабық базарының, жәнеде Зап Каз ярмарка қызметкерлерімен болып өтті.

Кездесу барысында жұмысшыларға өрттің қандай салдардан болуы, өрт кезінде қалай әрекет ету, қай номер бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалу, сондай-ақ жұмыс орындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қызметкерлер мекеме басшысына, оның міндетіне жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіретіндігін ескертті. Ол үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, нұсқаулық өткізу, нысанды барлық қажетті өрт сөндіру құралдарымен, арнайы құралдармен жабдықтау және оқу-жаттығулар өткізу қажеттігін ескертті.

Іс-шара аяқталған соң тұрмыстық және жұмыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...