16:54, 16 января 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбеде жолдарды тазалау сапасына мониторинг жүргізілді
Автомобиль жолдарының сапасы, жөндеу және күтіп ұстау бойынша азаматтардың көптеген өтініштері мен жұмыстың ашықтығын көрсету мақсатында 2019 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сапалы жол» жобасын қолға алды, деп хабарлайды City04.kz.
Жобаның негізгі мақсаты автожолдар құрылысының сапасын мониторингілеу жұмыстарына қоғамның назарын аудару.
Ақтөбе облысында аталған жобаның құрамында арнайы мониторингтік топтың, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, АӨК қызметкерлері және ТКШ өкілдері бар.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні жұмыс тобы қала көшелерінің автокөлік жүру және жаяу жүргінші жүретін жолдардың тазалау сапасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг жұмысы барысында арнайы топ мүшелері қаладағы О.Кошевой, Т.Рысқұлов, Жеңіс даңғылы, Гришина, Әбілқайыр хан даңғылы және Маресьева көшелерінің қардан тазалау жұмыстарының сапасын бақылады. Нәтижесінде көшелердің жиегінде басым бөлігі қардан тазаланбағаны анықталды. Жалпы мониторинг қорытындысы бойынша тиісті мекемеге аталмыш жағдайлар бойыншаескерту жасалынды.
Өз кезегінде «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мониторинг жұмыстарын жалғастыратының және қала тұрғындарын 109 байланыс нөмірі арқылы қардан тазаланбаған көшелер туралы хабарлауын сұрайды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:00
30 октября
14:13
30 октября
14:10
30 октября
14:00
30 октября
08:50
30 октября
13:45
21 октября
17:10
11 октября
Объявления
08:21, 31 октября
7
08:21, 31 октября
live comments feed...
Комментарии