• Главная
  • «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды
12:05, 17 января 2020 г.
Надежный источник

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды

Ақтөбе футбол клубының баспасөз қызметі жетекшісі тағайындалды. Енді бұл міндетті Әсет Жомартұлы атқарады, деп хабарлайды City04.kz.

Аталмыш хабарды ресми растаған Ақтөбе футбол клубының "Вконтакте" парақшасы: 

- Әсет Жомартұлы өңірдегі «Қазақстан-Ақтөбе», «Нұр-ТВ» телеарналарында бірнеше жыл тілші-редактор қызметін атқарған. 2016-2017 жылдары облыстық жастар ресурстық орталығы бөлімінің басшысы болды. 2017 жылдан осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының қорғаныс істері департаменті бойынша баспасөз бөлімінің жетекшісі. Қаңтар айынан бастап «Ақтөбе» ФК құрылымына келді. Жаңа маусымда команда үшін аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз.

Жаңа қызметте сәттілік тілейміз! - деп ізгі тілектерін жеткізді.

Оған қоса команданың жаңа медиа-офицері тағайындалды. Бұл қызметке жергілікті тілші Өркен Алтынбекұлы.

Еңбек тәжірибесі:
• 2014-2016 жж. Жергілікті «Керек ИНФО» газетінің тілші-редакторы, спорт тілшісі
• 2016 жылы халықаралық «MediaNET» журналистика курсының түлегі
• 2017-2019 жж. «Рика ТВ» телеарнасы, тікелей эфирдегі «Арайлы таң» хабарының жүргізушісі. Облыстық «Үш таған» журналының тілші-редакторы.
• 2019-2020 жж. Республикалық «Tamasha TV» телеарнасының бас редакторы

- Өркен Алтынбекұлы – «Ақтөбе» ФК жанкүйері. Бірнеше жыл бойы команданың мәдени іс-шараларына араласып, өз көмегін тигізіп келді. Жаңа маусымда жағымды жаңалықтарымен қуантады деген сенімдеміз, - деп мәлімдеді "Ақтөбе" ФК баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, күні кеше команданың жаңа бас тренері болып Ресейлік Владимир Маминов сайланған болатын. Ал Футболшылар мен «Ақтөбе» ФК жаттықтырушылар құрамы Түркиядағы алғашқы шетелдік оқу-жаттығу жиынына аттанды. Команда шетелдік ТСБ-ны Белек қаласында өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны кезінде төрт бақылау кездесуі жоспарланған.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ФК АКТОБЕ #ВЛАДИМИР МАМИНОВ #АСЕТ ЖОМАРТ #ОРКЕН АЛТЫНБЕКҰЛЫ

Комментарии

Объявления
live comments feed...