20:38
23 апреля
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау өткізді, деп хабарлайды City04.kz.
Қоғамдық қабылдау бөліміне 8 азамат өтініш білдірді.
Қабылдауға келгендердің ішінде Нұр-сұлтан қаласы және бейнеконференцбайланыс арқылы қосылған Алматы қаласы, Павлодар облысының тұрғындары болды. Олар өз сұрақтарын Агенттік төрағасының орынбасарына қоя алды.
Әр түрлі сипаттағы шағымдар түсті: жергілікті атқарушы органдардың әрекеттеріне, сот шешімдерінің орындалмауы және сот орындаушыларының әрекетсіздігіне, қылмыстық істің нәтижесімен келіспеу және т.б.
Барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсіндірмелер берілді.
Комментарии