• Главная
  • Алаяқтыққа жем болған Ақтөбеліктер азаяр емес
14:39, 22 января 2020 г.
Надежный источник

Алаяқтыққа жем болған Ақтөбеліктер азаяр емес

Алаяқтыққа жем болған Ақтөбеліктер азаяр емес

Полицияның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, алаяқтық фактілерінің орын алуы жалғасуда, деп жеткізеді City04.kz Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Алаяқтар азаматтарға нарықтық құнынан төмен тауар ұсынады. Мысалы, қаңтар айының ортасында белгісіз тұлға алдау жолымен, "Нива" және "Тойота Камри" автокөліктерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсыну сылтауымен Ақтөбе тұрғынына тиесілі 2.5 млн.теңгеден астам ақшаны жымқырды.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полицейлер 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Мойындау көрсеткіштері бар. ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тағы бір жағдай, 6 қаңтар күні белгісіз тұлға "Instagram" қосымшасына алдау жолымен төмен бағамен құндыз тонын сатып алу сылтауымен 28 жасар қызға тиесілі 75 теңге ақшасын жымқырған. Жәбірленуші мобильді қосымша арқылы ақша қаражатын аударыпты.

- Күдікті анықталмаған, осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізілуде,- дейді ПД баспасөз қызметі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...