• Главная
  • «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет бұл біздің парызымыз»
15:49, 23 января 2020 г.
Надежный источник

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет бұл біздің парызымыз»

Ақтөбе жастары «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет бұл біздің парызымыз» атты акциясын өткізді, деп хабарлайды City04.kz.
        Жастардың тәрбиесіне жіті қараған әрбір отбасы ұрпағының үйдегі, түздегі қылығын қадағалап отырған. Ата-анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» деген халық даналығы қалыптасқан. Жастар біздің қоғамның негізгі тірегі. 
       «Болашағыңды білгің келсе, бүгінен баста» демекші, әрбір қоғам өзінің болашағына алаңдайды. Сол сияқты, біздің қоғамда да кейбір келеңсіз мәселелер кездеседі.
 «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет бұл біздің парызымыз», фото-1
         Бүгін Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен  қаламыздағы қоғамдық көлікттірде «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет бұл біздің парызымыз» атты акциясы өткізілді.    
      Момышұлы атамыз «Қарт адам – ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты» деген екен. Ендеше, қариялардан сый-құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өз мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.
         «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет бұл біздің парызымыз» атты акция бұл  жастарымыз  арасында үлкенге деген құрметті негізінде жасалып отыр, бұндай акцияларды біз өткен жылда жасап, және осы жылы яғни 2020 жыл Волонтерлар жылына орай ең белсенді деген волонтер жастарымызбен бірге аталған акцияны әр түрлі бағытта жұргізу жоспарлануда  дейді Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғано
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#АҚТӨБЕ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ #АҚТӨБЕ ЖАСТАРЫ #ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ #КІШІГЕ ІЗЕТ

Комментарии

Объявления
live comments feed...