• Главная
  • Жас мамандармен психологиялық тренинг
14:06, 24 января 2020 г.
Надежный источник

Жас мамандармен психологиялық тренинг

Жас мамандармен психологиялық тренинг

Кадр саясаты бөлімінің бас маман психологы Көкшетау техникалық институты Ақтөбе қаласы оқу орталығында алғашқы даярлық курсында білім алушы жас мамандарға суицидті алдын алу мақсатында «Өз-өзіне қол жұмсауды алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды City04.kz.

Жеке және топтық әңгімелесу, кеңес беру сонымен қатар жүйке психологиялық тұрақтылығын және суицидтке тәуелділік деңгейін анықтау барысында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар «Команда құру және қызметкерлер бойында дау-жанжалсыз қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыру» тақырыбында тренинг сабақтарын жүргізді.

Сабақ мақсаты жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету және өмірлік күрделі жағдайлардан шығу амалдары жөнінде ақпарат беру, өмірге деген көзқарастарын айқындап, құндылықтарын ашып көрсету. Тренинг барысында қатысушыларды жаңа ортада еркін араласуға, ойларын ашық жеткізуге арналған тапсырмалар орындалды. Одан әрі команданы ортақ шешімге әкелуге, топ мүшелері бір- бірін толықтыруға, аз уақыт ішінде топпен біріге шешім қабылдауға бағытталған жаттығулар өткізілді.

Жас мамандармен психологиялық тренинг, фото-1

Сабақ нәтижесінде қызметкерлер өз-өзіне қол жұмсау арқылы проблемаларды шеше аламын деген ой қате екендігі және суицидке барудың негізгі себептерінің бірі құмар ойындар, есірткі заттарды және алкогольдық ішімдіктерді қолдану, сонымен қатар теріс ағымдарға тәуелді болуы себебінен туындайтыны жөнінде ескертілді.

Психолог жас мамандарға өзін жағымсыз ықпалдардың жетегінде кетпеуі қажет екендігін және кез келген жағдайда өзін саналы тұлға ретінде сақтап, болашағын дұрыс жоспарлай білу маңыздылығы жөнінде ақыл кеңестерін берді. Әңгімелесу барысында қарастырылған мәселеге байланысты қызметкерлер өз ойлары мен көзқарастарын білдіріп, сұрақтар талқыланып пікір алмасты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...