• Главная
  • Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен сегіз адамды құтқарды
07:46, 27 января 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен сегіз адамды құтқарды

Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен сегіз адамды құтқарды

Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері - құтқарушылары Ақтөбе қаласының орталығындағы өртеніп жатқан көп қабатты үйден 8 адамды құтқарды, деп хабарлайды City04.kz.

Астана ауданы, Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 290 үйдегі өрт туралы ақпарат Өрт сөндіру қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына 23 қаңтар күні сағат 13 сағат 52 минутта түсті. Өрт 4-ші қабаттың электрқалқанында басталып - 5-ші және 6-шы қабаттың электр қалқандарына ауысып электр сымдары өртенді. Кейбір пәтерлердің тұрғындары өз бетімен сыртқа эвакуацияланды. Кейбіреулері, оның ішінде кішкентай балалары бар тұрғындар пәтерлерінде қалып, қатты түтіннен үйден шыға алмады.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің ӨСБ 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Оқиға орнына жедел жеткен, қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Балсейтовтын басқаруыменен 1-ші бөлімшенің жеке құрамы жоғарғы қабаттардағы пәтерлерде орналасқан тұрғындарды эвакуациялау мен құтқаруға шешуші бағыт алды, өрттің таралуына жол бермеу үшін шаралар атқарды. Қарауыл құрамымен жауынгерлік қанат жайылып, өртке 1 «Б» оқпаны берілді, 2 топ ГТҚҚ ұйымдастырды. Өрт сөндірушілер М. Тапаев пен А. Дәулетов бөлімше командирі Е.Өмірбаевтың өртті сөндіру бойынша барлық нұсқауларын орындады.

Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен сегіз адамды құтқарды, фото-1

Сонымен қатар, 4-ӨСБ радиотелефоншысы Б. Кеңес өрт орнына қосымша күштер мен құралдарды жіберді, өрт гидранттарының жақын орналасқан жерлерді аңықтады. Өрт орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің жақсы үйлестірілген жұмыстарының нәтижесінде үйден 8 адам құтқарылды, оның ішінде 2 адам автосатының көмегімен және 52 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, олардың ішінде 13 балалар. Құтқарылған және эвакуацияланған адамдар уақытша жылыту орнына, КУНГ Урал автокөлігіне орналастырылды. Өрт 14 сағат 27 минутта тоқтатылып, 14 сағат 29 минутта толықтай жойылды.. Өрттің себептерін мамандармен анықталуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ПОЖАРНЫЕ #ДЧС АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...