• Главная
  • Ақтөбе гарнизонының өрт сөндіруші-құтқарушылары адасып кеткендерді құтқарды
13:11, 28 января 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе гарнизонының өрт сөндіруші-құтқарушылары адасып кеткендерді құтқарды

Ақтөбе гарнизонының өрт сөндіруші-құтқарушылары адасып кеткендерді құтқарды

Шалқар қаласында орналасқан Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің № 7 өрт сөндіру бөлімінің 112 арнайы желісіне Тоғыз ауылдық округі Тоғыз станциясынан үш жергілікті тұрғыны 25 қантар күні шамамен таңғы 9:00 де УАЗ автокөлігімен мал қарауға шығып хабарсыз қалғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды City04.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Шалқар ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің жеқе құрамы, полиция қызметкерлері, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Аталған азаматтарды іздестіру жұмыстарына Айтеке би ауданы Комсомол ауылының № 9 Өрт сөндіру бекетінен жол талғамайтын «Трэкол» автокөлігі көмекке шақырылды.

5 адамнан құралған іздестіру топ, оның ішінде №7 ӨСБ қарауыл бастығы Н.Карастеков, №7 ӨСБ жүргізушісі А.Майкупов, №9 ӨСБ қарауыл бастығы Н. Серікқали, №9 ӨСБ жүргізушісі С. Махсот Шалқар ауданы ТЖБ бастығының Р. Князев басшылығымен 12 сағатта 220 км автокөліпен жүру барысында 7 жайлау орындары араланды. Іздестіру жұмыстары кезінде боран, тұман және қатты салқын жел болып көріну мүмкіндігі болмау жағдайында өтті.

Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде із-түссіз жоғалған 3 азамат 27 қаңтарда сағат 11:00-де аман-есен табылды. Табылған адамдар қатты тонып қалган, денсаулықтарына ешқандай зиян болған жоқ. Құтқарушылар оларға шай беріп, Тоғыз станциясындағы тұрғылықты жеріне жеткізді. Осы уақытта құтқарылғандардың жағдайлары жақсарды, оларға медициналық көмек қажет болмады, тек: «Рахмет, сіздер бізді құтқардыңыздар!» деп - ризашылықтарын білдірді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ШАЛКАР #ДЧС

Комментарии

Объявления
live comments feed...