• Главная
  • Ақтөбе облысында 13 жас кәсіпкерге қайтарымсыз қаражат берілді
10:12, 31 января 2020 г.

Ақтөбе облысында 13 жас кәсіпкерге қайтарымсыз қаражат берілді

Ақтөбе облысында 13 жас кәсіпкерге қайтарымсыз қаражат берілді

Жапония үкіметінің қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасы "Экоцентр" қоғамдық бірлестігі арқылы қазақстандық жас кәсіпкерлерге қаржылау қолдау көрсете бастады, деп хабарлайды City04.kz тілшісі. Бүгін "Даму" қорының ғимаратында өткен шара барысында Ақтөбе облысы бойынша 13 жас кәсіпкерге грант сертификаттары табысталды.

Кәсібін айналдырып отырған жастар аудандарда тігінхана, наубайхана, әсемдік салоны, фотосалон, тағы басқа нысандар ашқан екен. Халықаралық ұйым қолдау танытқан кәсікерлер жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтамасыз ету керек.

"Экоцентр" қоғамдық бірлестігінің директоры Меруерт Құрманованың айтуынша, халықаралық ұйым Қазақстан бойынша әзірге тек Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының жас кәсіпкерлеріне қолдау танытып отыр.

"Ақтөбе облысы бойынша Қандыағаш, Шалқар қалалары мен Шұбарқұдық елді мекенінің жастарын қолдап отырмыз. Желтоқсан айында олар өтініштерін қалдырып, жобаларын арнайы комиссия алдында қорғады. Жобалар санқилы. Бірі тігінхана ашқысы келсе, екіншісі әсемдік салонын дамытқысы келеді. Баспахана жұмысымен айналысқысы келгендер де болды. Фотосалон ашып, жұмыссыз замандастаын тартқысы келген жас кәсіпкерлер қатысты", - дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі.    

Барлығы Ақтөбе облысы бойынша 20 миллион теңгеге жуық қаржы берілген. Бұл қаражат қайтарымсыз. Грантқа ие болған жастарды жергілікті атқару органы өкілдері құттықтады. Ал, жастар жағы мұндай жобаның әлі де керектігін айтады. 

Айта кетейік, Қандыағаш қаласы бойынша 6 жоба, Шалқар қаласынан 4 жоба, Шұбарқұдықтан 3 жоба сынақтан сүрінбей өткен. Жеңімпаздарға 3 миллион теңгеге дейінгі сомаға сертификаттар тапсырылды. Қолдауға ие болған кәсіпкерлер жоба аясында 60 қосымша жұмыс орнын ашуы тиіс.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Наубайхана #фотосалон #баспахана #грант #қайтарымсыз қаражат #жеке кәсіп #жастар

Комментарии

Объявления
live comments feed...