• Главная
  • Ақтөбеде Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтілді
15:17, 6 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аталып өтілді

 Ақтөбедегі Достық үйінде ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты әуенді-танымдық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды City04.kz.

 Шара дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ұлы тұлға, ортағасырлық ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын кеңінен атап өту және оның өмірі мен шығармаларын этнос өкілдеріне таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Әл-Фараби рухымен тілдесу» атты театрландырылған қойылыммен басталған шарада Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен «Қоғамдық келісім» КММ мамандары музыка теоритегі Әл-Фарабидің образын сомдады.

Іс-шара барысында Әл-Фарабидің музыка жанрын зерттеген зерттеуші екендігі де айтылып, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің студенттерінен құрылған этноансамбльдің бағдарламасымен жалғасты.

Бұдан соң, Фараби туралы «Великий Әл-Фараби» деректі фильмі көрермендердің назарына ұсынылды.

Сонымен қатар С.Баишев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әл-Фараби – ғибратты ғалым» тақырыбында көрме ұйымдастырып, Әл- Фарабидің ғұмыры мен жүріп өткен жолын зерттеген ғалымдардың кітаптары тамашаланды.

Қаламыздағы түрлі этнос өкілдері мен жастардың басын қосқан шара көрермендердің қошеметіне бөленген украиндердің «Оксана» халықтық хорының орындауындағы «Ақтөбе вальсі» әнімен аяқталған болатын.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ақтөбе жаңалықтар #жаналыктар актобе #Әл-Фараби #Великий Әл-Фараби #деректі фильм

Комментарии

Объявления
live comments feed...