• Главная
  • Оқушылар ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барды
11:48, 10 февраля 2020 г.
Надежный источник

Оқушылар ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барды

 Оқушылар ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барды

 Ақтөбеде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында қаламыздағы 11 мектептің 200-ге жуық жоғары сынып оқушысы ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барды, деп хабарлайды City04.kz.

 Оқушылар оқу орнының күнделікті тыныс-тіршілігімен, оқу сыныптарында курсанттардың емтихан тапсыру және оқытушылардың дәріс оқу сәттерін көріп қайтты.

«Мен Ақтөбе қаласында туып өстім. Кішкентайымнан мені ата-анам мамыр айындағы мерекелерде қала тұрғындары барып тамашалайтын ашық аспан астындағы мұражайға апарады. Мен ұшақтардың, тікұшақтардың тарихын жаттап, олардың кабинасына кіріп өзімді ұшқыш ретінде сезінетінмін. Мен мамандығымды сол кезде таңдап қойғанмын. Биыл осы институтта білім алу құжаттарымды тапсырамын»,- дейді болашақ талапкер Михаил.

Жоғары сынып оқушыларына авиациялық қару-жарақты техникалық пайдалану, құрастыру, әуе кемелері мен авиациялық қозғалтқыштарды пайдалану мен агрегат түрлері таныстырылды. 

 Оқушылар ұшқыштар даярлайтын әскери институтқа барды, фото-1

Сонымен қатар оқушылар институт жайында бейнероликтер көріп, әскери қызметшілер болашақ талапкерлердің қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

«Осындай ашық есік күндерінің маңыздылығын бағалау керек. Жоғары сынып оқушыларын экскурсияға шақыра отырып, біз болашақ талапкерлерге оқу процесінің жай-күйін сезінуге, оқу-материалдық базасын және курсанттардың өмірін көруге, оқытушылармен кездесуге мүмкіндік береміз. Біздің міндетіміз – талапкерлерді тарту ғана емес, олардың ішінде үздіктерін таңдау болып табылады»,- дейді Әуе қорғанысы күштері Әскери институты бастығының орынбасары подполковник Бекболат Жұмабаев.

Естеріңізге сала кетейік, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты – ұшу және инженерлік мамандықтар бойынша 11 авиациялық маман даярлайтын Орталық Азиядағы жалғыз әскери оқу орны. Институтта Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген курсанттар білім алады. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #ақтөбе жаңалықтары #актобе жаналыктары #ученики #әскери институт #Военный институт Сил воздушной обороны #талгат бегельдинов

Комментарии

Объявления
live comments feed...