• Главная
  • Ақтөбелік полицей самбо күресінен чемпион атанды
17:59, 11 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбелік полицей самбо күресінен чемпион атанды

Ақтөбелік полицей самбо күресінен чемпион атанды

Ақтөбелік Александр Борисов 6-9 ақпан аралығында спорттық және жауынгерлік самбо күресінен Атырауда өткен чемпионатта 74 келі салмақ дәрежесінде өз қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды деп хабарлайды City04.kz.

Александр Борисов Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сарбазы. 

Ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбо күресінен ҚР чемпионатында 74 келі салмақ дәрежесінде I орын алғаны үшін Борисов Александр марапатталды.

Чемпионатта барлығы 20 топ, 500-ге жуық спортшылар қатысты.

«Мен 5 белдесу өткіздім. Алғашында Шығыс Қазақстаннан Семейлік, екіншісінде Шымкенттік, үшіншісінде Алматылық, төртіншісінде Қарағандылықпен бақ сынастым. Оларды анық басымдықпен уақытынан бұрын жеңдім. Ақтық мәреде Нұр-Сұлтандық әріптесімнен басым шығып, чемпион атағын иелендім. Жеңісім үшін командирім Қажымұқан Шалтақов пен бапкерім Акадил Убаевқа алғысымды айтамын» - дейді чемпион.

Александр осымен Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 мәрте жеңімпазы атанып отыр. Ол алда наурыз айында Мәскеуде өтетін Харлампиев атындағы Әлем Супер кубогына, сонымен қатар, маусым айында Балиде өтетін Азия чемпионатына дайындық үстінде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктар #спорт в актобе #самбо #чемпион

Комментарии

Объявления
live comments feed...