• Главная
  • Ақтөбеде кілт таңдау арқылы үй тоналды
12:00, 12 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде кілт таңдау арқылы үй тоналды

Ақтөбеде кілт таңдау арқылы үй тоналды

Ақтөбеде криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір топ пәтер ұрыларын қолға түсірді деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе қаласында 10 ақпан күні сағат 16:00-ден 16:30-ға дейін белгісіз біреулер пәтер иесінің үйден ұзақ уақыт кетуін пайдаланып, кілттерді таңдау арқылы үйіне жасырын кіріп, 250 мың теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды (сырға, сақиналарды) ұрлап кеткен.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотталған Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктілер Ақтөбе қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ, күдіктілердің ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде .

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #суд #кража в актобе #кража

Комментарии

Объявления
live comments feed...