Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады, Саркулова Арай

Қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады деп хабарлайды City04.kz.

Мерекелер күнтізбесі еліміздің Электронды үкімет сайтында жарияланды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тек аптасына 5 күн жұмыс істеп, оқитын адамдар наурызда 13 күн демалады.

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай қазақстандықтар 3 күн: 7, 8 және 9 наурыз күні демалады.

Айта кету керек, бұл аптасына бес күн жұмыс істейтін және оқитын адамдарға ғана қатысты.

Ал жұмыс кестесі аптасына алты күнді құрайтын жандар екі күн: 8 және 9 наурыз күні демалады.

Ал ең ұзақ демалыс ел тұрғындарын Наурыз мерекесінде күтіп тұр. Бұл уақытта қазақстандықтар қатарынан 5 күн 21-25 наурыз аралығында демалады. 26-сы күнi жұмыс күні.

новости казахстана наурыз новости актобе выходные
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии