• Главная
  • Ақтөбеде түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер шаңғы теуiп жарысты
21:48, 16 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер шаңғы теуiп жарысты

Ақтөбеде түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер шаңғы теуiп жарысты

КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында «Қысқы спартакиада- 2020» спорттық іс-шарасы өттi деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандардың денсаулығын сауықтыру мақсатында, ҚАЖ департаментімен түрлі спорттық іс-шаралар атқарылып келеді.

«Бүгінгі сайыстың мақсаты- сотталғандардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, сотталғандардың түзелуіне ықпал ету, моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру болып табылады. Жалпы, сотталғандар арасында шаңғымен сайыс- мекеме ішінде жыл сайын өтеді және жазасын өтеушілер осындай сайыстарға өте белсенді түрде қатысады»- дейді КА-168/2 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор Ербол Жайшылықов.

Сотталғандармен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген шаңғы тебу ойынына жазасын өтеушілер әр жасақтан топ болып жарысқа түсті. Олардың арасында алғаш рет шаңғы тебуден сайысқа түскендері де болды.

Сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды- 2 жасақ, 2-ші орынды- 11 жасақ, 3-ші орынды- 5 жасақ қатысушылары жеңіп алды.

Сайыс соңында ойын жеңімпаздары кубокпен және түрме басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #спорт #сайыс

Комментарии

Объявления
live comments feed...