• Главная
  • Ақтөбеде пәтерлердің ауласында автокөлік өртенді
16:24, 17 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде пәтерлердің ауласында автокөлік өртенді

Ақтөбеде пәтерлердің ауласында автокөлік өртенді

Бүгін таңертең Абай көшесінде «Мазда» маркілі автокөлігі толықтай өртеніп кетті деп хабарлайды City04.kz.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, көлік иесі көлігін іске қосқан кезде көлігі өртенген.

Өртке 1 минуттан соң ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің №1, 21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 10 адам, 2 техника, АМО 3 адам және де 1 автокөлік жіберілді.

Берілген ақпаратқа сүйенсек, көмек 8 минуттан соң жеткен болатын.

Өрт 08 сағат 00 минутта шектеліп, 08 сағат 02 минутта сөндірілді.

Бұл автокөлікте газ жабдықтары қондырылғанымен өртсөндіргіш болмаған.

Айта кету керек, 2020 жылдың басынан бастап облысымызда 14 автокөліктің өртенуі тіркеліп отыр. Барлық жағдайларда адам шығыны орын алмаған.

Өткен 2019 жылы оқиғалардың жалпы саны 207. Ал соның ішінде 174 оқиға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себебінен пайда болған.

Еске сала кетейік, соның ішінде 117 оқиға қала ішінде тіркеліп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #возгорание машины #возгорание в актобе #дчс #өрт

Комментарии

Объявления
live comments feed...