• Главная
  • Ақтөбе облысында жаңа тағайындаулар
16:43, 18 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында жаңа тағайындаулар

Ақтөбе облысында жаңа тағайындаулар

Ақтөбе облысында бірқатар жаңа тағайындаулар болды деп хабарлайды City04.kz.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында аймақ басшысы жаңа лауазым иелерін таныстырды. ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Қылмыстық-түзету жүйесінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымына Алмас Шамишев тағайындалды.

Алмас Шамшиев 1979 жылы туған. Жоғары білімді. ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушысы.

Еңбек жолын ҚР Әділет Министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі департаменті КА-168/2 мекемесінің жедел уәкілі жедел бөлімінің бастығы, әр түрлі жылдар ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, жедел басқару бөлімінің бастығы, Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының режим және қадағалау бөлімінің бастығы,2019-2020 жылдары - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарып келген.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының бұйрығымен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне Нұржан Мақсатов тағайындалды.

28 жастағы лауазым иесі жоғары білімді және Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму бағыты» бойынша магистрі дәрежесін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасында іс-жүргізу маманы болып бастаған. Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасында өнеркәсіп немесе индустриялық даму бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Қазақстан Республикасы Президентінің жастар кадрлық резервіне іріктелген азамат.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #назначения #оңдасын уразалин #алмас шамшиев #нұржан мақсатов

Комментарии

Объявления
live comments feed...