• Главная
  • Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан студент ұсталды
12:11, 20 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан студент ұсталды

Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан студент ұсталды

Ақтөбеде колледж студенті синтетикалық есірткіні таратумен айналысты. Сотқа дейінгі тергеу басталды деп хабарлайды City04.kz.   

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткінің таралу фактісін анықтады.

Ақтөбе қаласында жас жігіт есірткіні таратумен айналысады деген жедел ақпарат полиция қызметкерлеріне келіп түсті. Жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында күдікті анықталды. Ол ағымдағы жылдың 16 ақпанында Бейбітшілік даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің ауласында ұсталды. Ол Ақтөбе қаласы колледжінің 3-курс студенті болып шықты. Оны сыртқы тексеру кезінде күртешенің қалтасынан 3,85 грамм есірткі заты бар полиэтилен орамасы тәркіленді.

Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар, сары түсті ұнтақ түріндегі, жалпы салмағы 3,49 грамм есірткі заты табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-тармағы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" сотқа дейінгі тергеу басталды.

  Полиция департаменті 11 қаңтардан бастап есірткіні насихаттайтын және іске асыратын интернет-сайттарға сілтемелерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

"Қылмыстық кодексте есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін 299-1 жаңа бап енгізілді. Ол бойынша жаза үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Егер бұл қылмысты адамдар тобы жасаса; бірнеше рет; БАҚ - ты немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланса; қызмет бабын пайдалана отырып, жаза үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде белгіленеді" - деп ескертті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Асхат Асқаров.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #наркотики #полиция #асхат асқаров

Комментарии

Объявления
live comments feed...