• Главная
  • Ақтөбеде жүргізуші рульді игере алмай аударылған
15:26, 20 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде жүргізуші рульді игере алмай аударылған

Ақтөбеде жүргізуші рульді игере алмай аударылған

Ақтөбеде Қырғызстан азаматы қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Аударылған автокөліктің ішінде 6 жолаушы болған деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында сағат 17.45-те "Солтүстік айналмалы жол" автожолының 13 шақырымында 25 жасар Қырғызстан азаматы, "Volkswagen LT" автокөлігімен Хромтау қаласы жағынан Орск трассасына қарай қозғала отырып, жол метеорологиялық жағдайынан салдарынан қозғалыс кезінде рульдік басқаруды игере алмай, жылдамдықты төмендете алмай, жолдын жиегіне шығып кетіп аударылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қалалық жедел-жәрдем ауруханасына жүгінді. Азаматтарға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Бұл факт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 620-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып отыр.

Осындай жағдайларға байланысты, полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және де жол-метеорологиялық жағдайларды ескеруді еске салады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #дтп в актобе #Солтүстік айналмалы жол #жол-көлік оқиғасы #гражданин киргизии

Комментарии

Объявления
live comments feed...