• Главная
  • Ақтөбеде Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады
21:57, 22 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады

Ақтөбеде Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады

Ақтөбеде Есет батырға, Едіге батыр мен Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады деп хабарлайды City04.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Купенов мәлімдеді.

«Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бес жаңа зал ашылып, 100 мыңнан астам экспонат қойылды. Облыстың 32 киелі ескерткішінің 3D моделін әзірлеу, 16 ескерткішке QR-код орнату, облыс аудандарында археологиялық қазбалар, Санкт-Петербург, Орынбор қалаларында мұрағаттық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан б.з.д. V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды.

«15 мың оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне экскурсияға барды. «Әдеби өлкетану» жобасы аясында «Ақтөбе кітапханасы» кітаптар сериясын шығару жұмыстары өз жалғасын табуда. Оған ақындар мен жазушылардың ең озық шығармалары 27 томға енгізілген. Өңірде 2020 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Соған сәйкес «Туған жер» арнайы жобасы мен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бюджеттен тыс 1,3 млрд.теңге сомасына 434 жоба іске асырылатын болады. Сонымен, Ақтөбеде Есет батырға, Едіге батыр мен Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашу және басқа да ірі іс - шаралар өткізу жоспарланып отыр», - деп түйіндеді Айбек Купенов.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #абай кунанбаев #айбек купенов #памятник

Комментарии

Объявления
live comments feed...