
18:12, 24 февраля 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбелік полицейлер 80-ге жуық заңсыз өнім тәркіледі

"Контрафакт" жедел алдын-алу шарасы аясында Ақтөбелік полицейлер 80-ге жуық заңсыз өнім тәркіледі деп хабарлайды City04.kz.
17-21 ақпан аралығында Ақтөбе облысында "Контрафакт" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлері контрафактілік өнімдердің таралуының 16 фактісін, соның ішінде ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың заңсыз таратылуының 1 фактісін анықтап, тіркеді.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Контрафакт" жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында барлығы 79 контрафактілік объект, оның ішінде 33 контрафактілік өнім тасығыш, 26 ойын құрылғысы және 1 порнография тасығыш тәркіленді.

Сонымен қатар, интернет қолданушыларына қатысты 5 алаяқтық фактісі ашылып, бұрын жасалған 5 интернет алаяқтық ашылды.
Мысалы, "Сони Плейстейшн" қызмет түріне лицензиясы жоқ ойын клубында іс-шаралар жүргізу кезінде 26 "Soni PS-4" қосымшасы, 13 дана ойын дискілері және кассалық аппарат тәркіленді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Объявления
18:17, 9 мая
3
18:18, 9 мая
54
live comments feed...
Комментарии