• Главная
  • Ақтөбе кәсіпкерлеріне аялдама пункттерін орнату ұсынылды
14:23, 25 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе кәсіпкерлеріне аялдама пункттерін орнату ұсынылды

Ақтөбе кәсіпкерлеріне аялдама пункттерін орнату ұсынылды

Ақтөбе кәсіпкерлеріне абаттандырылған аялдама пункттерін орнатуды ұсынды деп хабарлайды City04.kz.

Оның орнына кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану, сауда және т.б. нысандарын аша алатын жер учаскесін жалға ала алады. Жобаны қалалық әкімдік пен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп іске асыратын болады.

Сауда павильондары бар аялдама пункттерін орналастыру және қызмет көрсету үшін жер учаскелерін жалға алу бойынша сауда-саттық өткізу наурыз айына жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері "Атамекен"палатасында өткен дөңгелек үстел барысында айтты.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әлібек Серікбаевтың айтуынша, жүзден астам жаңартылған аялдама пункттері қарқынды жолаушылар қатынайтын учаскелерде пайда болады.

Әлібек Серікбаевтың айтуынша, қазіргі аялдамалардың орнына жабық, дизайны бар, қала тұрғындары үшін ыңғайлы, автобус күтетін аялдамалар болады. Аялдамлардың іші жылы әрі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындар мен электронды табло болуы тиіс.

Техспецификацияда ерекшеліктер көрсетілген шарттарды орындаған жағдайда, жер учаскесі 20 жылға жалға берілетін болады.

Бұл құрылымдарды ауыстыруға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Жұмыстарды байқауға қатысушы кәсіпкерлердің күшімен жүргізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 700-ден астам аялдама конструкциялары орнатылған. Әлі 300 - ге жуығы қажет. Байқау шарттары бойынша пункттерді орнату және жабдықтау жөніндегі іс-шараларды ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау қажет.

Айта кету керек, кәсіпкерлер сәулеттік келбетті және жалға алу шартының талаптарын бұзбаған жағдайда ашылатын нысанды өзге нысанға ауыстыра алады. Белгілі нысанды қайта жабдықтауға тыйым салынбайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #атамекен #предприниматели #аялдама #остановка

Комментарии

Объявления
live comments feed...